Есеп 1:0! Қазақстан футболшылары Солтүстік Ирландияны жеңді
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Елордада ұлттық құрама Солтүстік Ирландия футболшыларынан басым түсті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ойын 1:0 есебімен аяқталды. Осылайша ел құрамасы 3 ұпайды қанжығаға салды.
Айта кетейік, ойынның 27-минутында шабуылшы Максим Самородов өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Бұл - ақтөбелік футболшының ұлттық құрама жейдесінде соққан үшінші голы.
Бұған дейін ел құрамасы бес кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.
Енді Қазақстан құрамасы сырт алаңда 14 қазанда Дания, 17 қазанда Финляндиямен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін ұлттық құрама ойыншыларын қолдауға стадионға Мемлекет басшысы келгенін жазған едік.