Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Uaqyt.info
Фото
Ақмола облысындағы Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 52 жастағы ер адамың денесі көпірдің астынан табылған. Ол Жаңаесіл ауылының тұрғыны болып шықты. Мәйітті тексеру барысында онда пышақ жарақаттарының ізі табылды.
Қазргі уақытта ер адамның өліміне қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы әйел ұсталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.