Saturday, 23 November,2024

Есімі – Әлем: Түркияда былтыр дүркіретіп ұлын үйлендірген Айнұр Тұрсынбаева әже атанды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды. Былтыр ғана Түркияда дүркіретіп ұлының тойын өткізген еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атышулы ақын Айнұр Тұрсынбаева әже атанғанын әлеуметтік желіде жазды. Онда ұлы Беглан мен Мәдина ұлды болғанын жазып, халықтан сүйінші сұраған.

"Ал сүйінші! Кеше ғана үйленген Беглан мен Мәдина бүгін ата-ана атанды! Толғақ 40 сағатқа созылды.. Алланың шексіз мейірімімен бүгін таңғы сағат 4.25 -те Әлем Бекланұлы дүниеге келді! Қазақтың атын әлемге танытатын мықты ұлдардың қатарында болсын дедік... Барлықтарыңызға жұғысты болсын тілекшілерім", - деп жазады ақын.

Бұл қуанышқа желідегі жұрт түрлі пікір қалдыруда. Басым бөлігі тілекші екеніне тоқталған.

Ұсынылатын