Thursday, 14 November,2024

Есірткі сақтаған: Жетісу облысында деструктивті діни ағымның өкілі ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Талдықорғанда есірткіні заңсыз сақтаған деструктивті діни ағымның 33 жастағы өкілі ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлер тінту барысында оның көлігінен өсімдік тектес зат салынған пакет тапқан. Жүргізілген сараптама нәтижесінде, тәркіленген зат салмағы 2 келі 722 грамм марихуана екені анықталды.

"Ер адамның деструктив діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.

 

 

 

Ұсынылатын