Friday, 20 September,2024

Есірткіге мас екені белгілі болды: Полиция Төреғали Төреәлі ұсталды деген бейнежазбаға пікір білдірді

Алмас Абылай
Фото Козачков

Алматы қалалық полиция департаменті әнші Төреғали Төреәлі мас күйде ұсталды деген бейнежазбаға пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дерекке сүйенсек, 14  маусым Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын. Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды.

"Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды. Оған әкімшілік кодекстің 608 бабы 3 бөлігі, 613 бабы 1 бөлігі, 599 бабы 1 бөлігі, 596 бабы  3 бөлігі, 600 бабы 1 бөлігі және 230 баптың 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды", - делінген ақпаратта.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.

Еске салайық, бұған дейін мас күйде көлік басқарған әнші Төреғали Төреәліні полицейлер күштеп тоқтатқанын жазған едік.

Ұсынылатын