- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Есірткіге отырғызды”. Болат Назарбаевтың тоқалы күйеуі туралы ащы шындықты айтты
“Есірткіге отырғызды”. Болат Назарбаевтың тоқалы күйеуі туралы ащы шындықты айтты
Болат Назарбаевтың тоқалы болған әнші әрі актриса Динара Әлжан бұрынғы күйеуі туралы ел естімеген шындықты айтты, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Материалды рұқсатсыз басуға тыйым салынады!!!
Болат Назарбаевтың тоқалдарының бірі болған Динара Әлжан Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында экс-президенттің інісімен қалай қосылғанын және одан қалың малға қанша дүние алғанын айтты. Оның айтуынша, Болат жақсы күйеу болған, тіпті ерлі-зайыптылар бірге тұрған шақтарында бір ауыз сөзге келмеген екен. Ал қос жұптың айырылысуына әншінің есірткіге әуестігі себеп болыпты.
“Ол кісімен 2016 жылы таныстық. Танысқаннан кейін ол мені ұнатып қалды. Содан Болат Назарбаев мені офисіне шақырды. Жұмысына бардым. Ол кезде мен қарапайым қызбын. Жасым 27-де. Барған кезде маған бірден 15 соттық жерде тұрған 360 шаршы метр болатын үйді сыйлады. Сол үйді сыйлағаннан кейін біз бір аптадан кейін некеге тұрдық. Некеміз қиылғаннан кейін ғана төсектес болдық. Оған дейін ол кісі маған тиіскен жоқ. Үйіме керекті дүние-мүлікті, көлігімнің барлығын алып берді. Несиелерімді төлеп берді. Айырылысуымызға менің есірткіге әуестігім себеп болды”, - деді Динара Әлжан.
Сұхбаттың толық нұсқасын журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Youtube-тегі “Уақыт көрсетеді” бағдарламасынан көре аласыздар.