Ескендір Сергебаев казиноға қанша миллион ұтылғанын айтты
“Миллион кімге бұйырады?” бағдарламасы арқылы көптің көзайымына айналған Ескендір Сергебаевтың көптен бері көзден таса болып кеткені ешкімге жасырын емес. Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында ол өзіне қатысты көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Uaqyt.info соның бірін назарларыңызға ұсынады. Ел арасында “Ескендір Сергебаев казиноға миллиондап ұтылған, соның кесірінен жұмысынан, әйелінен айырылды” деген қауесет бар. Нұрсейіт Жылқышыбайдың осы сауалына экс-шенеунік былай деп жауап берді. Айта кетейік, Ескендір Сергебаев Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары қызметінде жұмыс істеген болатын.
“Казиноны демалыс орыны деп қабылдаған адамның құсқысы да, ешнәрсесі де келмейді. Қатты бір көңіл қалатындай, өміріңді қиып жіберетіндей, құсқың келетіндей деңгейге жеткен жоқпын. Казиноға ешқандай ренішім жоқ. Қапшағайда жұмыс істедік. Енді жарқырап тұрғаннан кейін есігін ашып көргің келеді ғой. Барлық казинолардың дәмін татып көрдік. Қанша ұтылғаным есімде жоқ, санаған жоқпын. Әркім өз ісіне өзі жауап беруі керек. Жалпы казино дұрыс дүние емес”, - деді Ескендір Сергебаев.