Ескерту: Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Уақыт.кз
Фото
Қар көшкінінің жүру қаупіне байланысты Алматының тау курортының бірі уақытша жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, қар көшкіні 28 наурызға дейін жүруі ықтимал. Осыған байланысты тау курорттарының бірі жабылды. Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері 60-тан астам қар көшкіні тіркеліпті. Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ.
“Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлері бірлесіп, «Пионер» тау курорты аумағында мониторинг жүргізді. Қазіргі уақытта қар көшкіні қаупі себебінен тау курорты жабық. Әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, демалушылар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Іле-Алатау ұлттық паркінде (Алмарасан, Аюсай) көшкін қаупі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылып жатыр. Блок-бекеттері қойылып, «Қазселденқорғау» қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды”, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ ТЖД мен “Қазселденқорғау” мекемесі қала тұрғындары мен қонақтарына таулы аймақтарға бармауға кеңес береді.