Thursday, 2 May,2024

Ескерту: Алматыда қатты жел тұрады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар департаменті қалада қатты жел болатынын айтып, тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 03 ескертуіне сүйене отырып, ескертеді! Алматыда ертең, 7 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына аса сақ болуға шақырды.

“Тұрғындарға көпірлер, қойма және ағаштардан аулақ жүруге кеңес беріледі. Адамды ұшып кеткен бұтақ, сынған шифер, жол белгісі соғуы мүмкін. Жерасты өткелдерінде, метро станцияларында немесе ғимараттар тасасында жасырына аласыз. Билбордтардан, маңдайшалардан, аялдамалардан, павильондардан, бағдаршамдардан алыс жүру керек. Қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмау ұсынылады!", - деді ТЖД.

Ұсынылатын