Friday, 22 November,2024

Ескерту: Жамбыл облысында тағы жарылыс болады

Uaqyt.info
Фото inform.kz

3 сәуірден бастап Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлім және оған жақын орналасқан аумақтарды оқ-дәрі сынықтарынан қайта тазалау жұмыстары басталады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы inform.kz жазды. 28349 әскери бөлімінің командирі  Еркін Әбсадықовтың айтуынша, бұл жұмыстарды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери-инженерлік және саперлік бөлімшелерінің біріккен жою топтары жүргізеді.

“Жарылыс жұмыстарын жүргізу және жарылғыш заттарды жою үшін арнайы бөлінген алаң елдімекендер мен әскери бөлімнен алыс орналасқанын атап өтті. Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы аумақты оқ-дәрі сынықтарынан қайта тазарту жұмыстары қараша айының соңына дейін жалғасады”, - деді Еркін Әбсадықов.

Ұсынылатын