Saturday, 18 May,2024

"Ешкім қол соқпай қойды".  Путин Кремльдегі баяндамасында күлкіге қалды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин күлкіге қалды. Бұл жолы оның шапалақты ұзақ күткен бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеода Ресей басшысының баяндамасын аяқтап қалғанын байқайсыз. Бірақ залдағы тұрған нөкерлердің ешбірі қошемет көрсетпейді. Мұнан кейін тағы да сөзін жалғастырған Президент шапалақ күтеді. Ақырында ешкім қол соқпағаннан кейін ыңғайсызданып, кері бұрылады.

Бейнежазбадағы бұл әрекет жұрттың қызу талқысына түскен. Басым бөлігі күлкіге айналдыруда.

"Соңына дейін үміт үзбеді ғой". "Көздерінен қошемет күтіп тұрғаны анық байлады". "Келесіде қол соғатын адамдарды шақыратын шығар". "Ұят болған екен". "Дәрежесі түсіп кеткені көрініп тұр". "Күлкіден езу жия алар емеспін", - деген жазбаларын қалдырған желідегі жұрт.

@katana_of_justice

😂😂😂 пукин бич, опозорился.

♬ оригинальный звук - Katana of justice🏴

Ұсынылатын