Saturday, 23 November,2024

“Ешкімге сенбеңіздер”. Мақпал Жүнісова алаяқтарға алданып қалды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова алаяқтардың құрбаны болды. Әншінің атынан біреулер халыққа үндеу жасап, жалған аккаунттар арқылы алаяқтық жасаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Құрметті, халайық! Менің жазылушыларым ешкімге сенбеңіздер. Ешкімге дауыс бермеңіздер. Менің телефоным бұзылып, WhatsApp аккаунтым істемей қалды. Оның үстіне ақша шешіп алған. Ешкімге сенбеңіздер. Мен дауыс беруді сұрайтын конкурсқа қатысып жатқан жас әнші емеспін. Осыдан алаяқтарды тапсам, аямаймын. Басын жарамын! Бассыздық қой. Мұны кімге айтуға болады? Соттасып жүретін уақыт та жоқ, концертке дайындық керек. Осыдан сіздерді тауып алсам!, – деп үндеу жасады Мақпал Жүнісова.

Ұсынылатын