Эскорт қызметін ұсынған атышулы Айка сотталды
Жеңгетай атымен аты шыққан Айка есімді модель 6,5 жылға сотталды. Ол қалталы азаматтарға жас қыздардың қызметін ұсынумен айналысқан болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
КТК жазуынша, Айғаным Мырзахметова есімді 25 жастағы модель әрі блогер былтыр жазда ұсталған болатын. Ол мессенджердегі жабық топқа 300 долларға сұлу қыздарды тіркеп, миллионерлермен кездестіру ұйымдастырған.
Байларға тәнін сатқан әлгі қыздардың пайдасының 40 пайызын Айка өзіне алып отырыпты. Осылайша бір жылда секс-бизнестен түскен пайдасы 209 миллион теңгеден асқан. Оны құрықтау кезінде бірнеше қымбат көлік, жылжымалы мүліктердің құжаттары , соның арасында клиенттер базасы табылған.
Айканың осы тізімі кейін желіде тарап, біраз адамды масқара қылған еді. Тінту кезінде сөмкесінен табылған ірі көлемдегі мефедрон күдіктінің жазасын ауырлата түсті.
Бірақ Айканың кәмелетке толмаған баласының барын ескеріп және тергеуге барынша көмектескенін негізге алып , сот 6 жарым жыл жаза кесті. Т. есімді сыбайласы 3 жыл сегіз ай арқалады.
“ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды. Т. Есімді азамат ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай түрінде жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ”, - деді ҚР Сот әкімшілігі Алматы департаменті баспасөз қызметінің басшысы Дархан Мырзахан.