- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- "Ешқандай арам ойы жоқ". 19-дағы жігіт 76 жастағы кемпірмен шаңырақ көтерді
"Ешқандай арам ойы жоқ". 19-дағы жігіт 76 жастағы кемпірмен шаңырақ көтерді
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
19 жастағы жігіт 76-ға келген миллиардер кемпірмен шаңырақ көтерді. Тіпті желіде ер жігіттің ешқандай арам ойсыз үйленгенін жазуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жас жігіттің кәрі кемпірмен қол ұстасып жүргенін байқайсыз. Тіпті екеуі махаббатқа мастанып, жүрек тәрізді жасалған қорапты ашады.
"19 жастағы италиялық жігіт ресми түрде 76 жасар миллиардермен шаңырақ көтерді. Айтуынша ешқандай арам ойы жоқ. Бір көргеннен ғашық болған", - деп жазылыпты бейнежазбаға.
Десе де олардың әрекетін сынға алғандар да, әзілге айналдырғандар да көп.
"Бір көргеннен ғашық болдым дегені артық енді". "Сенгендей болайын". "Ақшасына ғашық болған шығар". "Кім сенеді қаусыраған миллионер әжейге жап жас жігіт ғашық болады деп, ақша ғой ақша", - деген жазбаларын жазуда желідегі жұрт.