- Басты жаңалықтар
- Мәдениет
- Есту қабілеті бұзылған қазақстандық актерлер Дубайдағы фестивальде гран-при алды
Есту қабілеті бұзылған қазақстандық актерлер Дубайдағы фестивальде гран-при алды
Солтүстік Қазақстан облысының есту қабілеті бұзылған актерлер театрының бишілері Дубайдағы хореографиялық өнер фестивалінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Telegram-дағы арнасында жазды.
Халықаралық конкурстарда дебют жасаған облыстық түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бірнеше номинация бойынша жеңіске жеттті. Отандастарымыз «соло» (Даниал Кангожин) және «дуэт» (Евгений Кузьмин және Екатерина Воропаева) санаттарында үздік атанды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің аға құрамы да ерекшеленіп, «Вена вальсі» және «Самба» хореографиялық қойылымдарымен бірінші орын иеленді. Сондай-ақ, Sensitive театры қазылар алқасының да арнайы сыйлығына ие болды.
“Мен театрдың шығармашылық ұжымын және Солтүстік Қазақстан облыстық арнайы мектеп-интернатының түлектерін толайым табыстарымен құттықтаймын. Бұл отандық инклюзивті театр мен Қазақстанның театр өнері үшін үлкен жетістік. Сонымен қатар, бұл біздің ерекше қажеттіліктері бар отандастарымызды шабыттандыратын тамаша нәтиже, бұл қандай жағдай болсын сіздің шығармашылық әлеуетіңізді жүзеге асыруға болатындығының айқын дәлелі.Театрға болашақ байқауларда шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілеймін!”, - деді Асхат Оралов.