Friday, 22 November,2024

"Етті халал деп өтірік айтқызды". Танымал аспазшы Нұсрет Гёкчены қол астындағы қызметкерлері сотқа бермекші

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Барша әлем жұртшылығына таныс аспазшы Нұсрет Гёкченың басы дауға қалды. Оның қол астындағы қызметкерлері іс-әрекетіндегі шикілікті жұртқа жария еткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аспазшы басындағы мәселені ZTB арнасы жазды. Дерекке сүйенсек, оның қол астындағы қызметкерлері Нұсреттің жаман басшы деп айыптаған. Тіпті жұмысшылар аспазшының бірқатар құпияларын жұртқа жария еткен. Яғни қонақтардың қызметкерлерге деп тастаған қосымша сыйақысын тартып алатын болған, гендерлік және ұлт аралық қысымды жиі көрсеткен, тіпті намысқа тиетін сөздерімен балағаттаған.

Сонымен қатар қызметкерлердің бірі мейрамханада берілетін етті "халал" деп айтқызуға мәжбүрлегеніне де тоқталған. Ол еттің мұндай талапқа мүлде сәйкес емесін айтуда.

Дәл осындай көптеген айғақтар келтірген жұмысшылар аспазшы бойындағы кемшіліктерді жайып қана қоймай, сотқа да беруге әрекеттенуде. Олар аспазшыны «тиран-диктатор» деп айыптауда.

Айта кетейік, белгілі аспазшының әлемдегі бірнеше мемлекетте ондаған мейрамханасы бар.

Ұсынылатын