Sunday, 5 May,2024

Еуро-2024: Қазақстан футболдан Дания құрамасын ұтты

Алмас Абылай
Фото

Қазақстан құрамасы сенсация жасады. Ол өз алаңында Дания құрамасын 3-2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Уақыт.кз.

«Астана Аренада» өткен ойын қазақ жанкүйерлері үшін зор қуаныш сыйлады. Бірінші таймда 0-2 есебімен ұтылып жатқан Қазақстан құрамасы сенсация жасап, қарсыластарын қапы қалдырды.

Ойынның 21-минутында 20 жастағы Расмус Хойлунд есеп ашса, араға 15 минут салып ол дубль жасады. Еңсесі түскен көрермендердің үміті екінші таймда оянды. 72-минутта Бахтиёр Зайнутдинов пенальтиден гол салса, негізгі уақыттың аяқталуына бес минут қалғанда Асхат Тағыберген алыстан бағыттаған добымен есепті теңестірді. Ал жеңісті голды Абат Айымбетов соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы Данияны 3-2 есебімен жеңді.

Ұсынылатын