Saturday, 27 July,2024

Еуро - 2024: Қазақстан Сан-Мариноны 3:1 есебімен жеңді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Астана Арена» стадионына өткен матч қазақ жанкүйерлері үшін зор қуанышпен аяқталды. Ұлттық құраманы қолдауға Мемлекет басшысы және де танымал тұлғалар келді. Олардың арасында аты әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бар.

Ойынның 19-минутында қазақстандық Ислам Чесноков Сан-Марино қақпасын дәл көздесе, екінші таймда ол дубль жасады. Ал ойынның 92-минутында пенальтиден Абат Айымбетов мүлт кеткен жоқ. Сан-Марино болса, есеп айырмасын тек бір голға ғана қысқарта алды.

Ұсынылатын