Saturday, 23 November,2024

ЕуроОдақ Ресейдің шетелде жасырған 200 миллиард евросын тауып алды: Ақша Украинаны қалпына келтіруге беріледі

Алмас Абылай
Фото Bloomberg

Еуропалық Одақ Ресейдің Орталық банкі жасырған 215 миллиард долларын анықтады. Ақша толық бұғатталған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Bloomberg жазды. Дерекке сүйенсек, мұндай нәтижеге санкцияның 10-шы пакеті аясында қол жеткізілген. Бұл шектеулерде екінші деңгейлі банктерде сақталған барлық активтер ақпараты жариялануы тиіс болатын. Осылайша Ресейдің орталық банкі жасырып келген қомақты қаражат тәркіленіп отыр.

Енді бұл миллиардтаған ақшаны соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіруге бағыттау тетіктері пысықталып жатыр.

"Еуропалық Одақ Ресейдің Украинаға келтірген залалын өтеуді толықтай қамтамасыз етеді", — деді Еурокомиссияның ресми өкілі Кристиан Виганд.

Ұсынылатын