Saturday, 18 May,2024

Футболдан Данияны жеңген Қазақстан құрамасы ақшалай сыйақы алады

Уақыт.кз
Фото beksportkz

Өз алаңында Данияны 3-2 есебімен ұтқан Қазақстан құрамасының футболшылары сыйақы алатын болды, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Бұл туралы Telegram-дағы beksportkz арнасы жазды. Құраманың бас бапкері Магомед Адиевтің айтуынша, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлері мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.

«Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды»,-деді футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Дания мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч наурыздың 26-да Астанада өтті. 

 

 

Ұсынылатын