Friday, 22 November,2024

Гайанада жатақханадан өрт шығып, 19 бала көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Гайана мемлекетінде мектеп оқушысы жатақханаға өрт қойып, соның салдарынан 19 бала қаза тапты. Тағы 30 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Deutsche Welle басылымының мәліметінше, оқушы қыз мұндай қадамға мұғалім және комендантпен сөзге келіп қалғаннан кейін барған-мыс. Өйткені қыздың ұялы телефонын олар алып қойыпты.

Жатақханадағы өрттен 13 адам көз жұмды. Осыған байланысты ел президенті Ирфаан Али үш күнге аза тұту жариялады. Қазіргі таңда жантүршігерлік апатқа байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын