Monday, 20 May,2024

Ғани Майлыбаевтың анасы өмірден өтті

Uaqyt.info
Фото

Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаевтың анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаралы хабарды журналист Арман Әубәкір өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Ғани досымыздың аяулы анасы дүниеден озған екен. “Тас түскен жеріне ауыр” дейді. Ғалекеңе, Ляззат апайымыздың отбасы пен ағайындарына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Бекем болғайсыздар”, - деп жазды Арман Әубәкір.

Қайғылы хабарға байланысты әлеуметтік желіде Ғани Майлыбаевқа көңіл айтып жатқандар көп.

“Топырағы торқа болсын! Тұқымы өссін!”, Иманы саламат болсын! Ғани бауырым, қайғыңа ортақпыз. Қайғыра көңіл айтамын”, “Ғани Айдарұлы, қайғыңызға ортақпыз, Анаңыздың арты қайырлы, иманы жолдас болсын”, “Иә, “Алтын суатың — Анадан айырылу” ең ауыр сынақ. Жаратушы Анамыздың жанын Жәннаттық еткей. Артындағы Құран арнар ұрпақтары өсіп-өніп, бұтағын жаюына тілекшіміз. Ғани Айдарұлы, мықты болыңыз!Сіздей ұлы бар Анаңыз бақытты!”, - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын