Гауһар Әлімбекованы сахнадан аластатқан кім?
Танымал әнші Гауһар Әлімбекова сахнадан неліктен көрінбей кеткенін түсіндірді. Ол бұл туралы Хабарlike бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Негізі мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде "Республика сарайында" ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі "мен тірі тұрғанда сені "Республика сарайынының" маңына жолатпаймын" деп айтқан болатын. Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін бергізбеді. Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыттар болды. Бірақ, сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жаным гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім. Бірақ ол кісінің аты-жөнін айта алмаймын", – деді әнші.