Гавайи аралындағы апат: Мыңнан астам адам 2 апта болды әлі іздестірілуде
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Гавайидағы орман өртіне байланысты әлі күнге мыңнан астам адам табылған жоқ. Оларды іздеу жұмыстары 2 аптадан бері жалғасуда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Шамамен 1050 адам із-түзсіз жоғалған. Оларды табу үшін тағы бірнеше апта қажет. Зақымданған аумақтардың 85%-ы тексерілген. Қазіргі таңда үлкен ғимараттар тексерілуде.
Қалған 15 пайыза аумақты сүзіп шығуға осыншалық уақыт кететін көрінеді.
Айта кетейік, Мауидегі дала өрті 9 тамызда басталды. Өрт қатты желдің салдарынан жылдам туристер қаласы Лахайнаға тарап, оны толықтай жалынға ораған еді.