Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандықтар Алматыға қонды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Газа секторынан эвакуацияланған қазақстандық азаматтар Алматы әуе жайына аман-есен жетті, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
“Бүгін арнайы эвакуациялық бортпен 99 жолаушы — Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Алматы қаласына аман-есен ұшып келді. Әуежайдағы бүкіл міндетті рәсімдерден өткеннен кейін эвакуацияланған азаматтарға уақытша баспана беріліп, оларға қажетті құқықтық, медициналық және өзге де көмек көрсетіліп жатыр. Сәтті іске асырылған эвакуация — Қазақстанның Израильдегі, Иорданиядағы және Мысырдағы Елшіліктерінің осы елдердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесі”, - делінген хабарламада.