Sunday, 24 November,2024

Газа секторынан қазақстандық 92 отбасы эвакуацияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Uaqyt.info.

"Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті. Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді. Біздің барлық азаматтарымыз Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды", - делінген СІМ хабарламасында.

Ұсынылатын