Saturday, 23 November,2024

Газа секторынан Қазақстанның 28 азаматы эвакуацияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстандық гуманитарлық жүк ұшағы Газа секторынан осында эвакуацияланған өз азаматтарын Мысырдан алып кетті, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform-ға сілтеме жасап.

Эвакуацияланғандар саны – 28 адам. Қазақстанның Мысырдағы елшілігі өкілінің айтуынша, Газа секторында біздің елдің азаматтары әлі де қалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, онда әлі 10 адам қалды. Бұл Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері. Оларды эвакуациялауға келетін болсақ, бәрі қазіргі әскери жағдайға және олардың Мысырға жете алатындығына байланысты», - деді Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Санжар Уәлиханов.

 

Ұсынылатын