Friday, 20 September,2024

"Ғажап". Француз әнін ерекше орындап берген қазақ қызына жұрт риза болды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Интернетте французша ән айтқан бойжеткеннің бейнежазбасы қызу талқыға түсті. Тіпті жұрт оның өнеріне дән риза, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан бойжеткеннің беріле ән орындағанын байқайсыз. Тіпті дастархан басында отырғандардың ризашылықпен тыңдап отырғанын да көруге болады.

Бойжеткеннің бұл орындауы желі жұртшылығының да көңілінен шыққан. Ондағылар тоқтаусыз жылы лебіздерін қалдыруда.

"Ғажап, керемет орындау". "Дауысың тамаша екен". "Мына әнді француздар естісе таңғалатын шығар". "Танылмаған талант қой", - деген пікірлерін жазуда желідегілер.

@izok_dopp #movie #izok_dop #music ♬ оригинальный звук - Izok_dop

Ұсынылатын