Германияда олигарх Әлішер Османовқа қысым басталды ма?
Алмас Абылай
Фото Bild
Германияның Бавария полициясы тегі өзбек ресейлік олигарх Әлішер Османовқа тиесілі деп айтылатын бірнеше нысанды тексерген. Тіпті бірнеше қымбат көлігін тәркілеп те алған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Bild Тelegram-арнасының дерегіне сүйенсек, құқық қорғау органдары Османовтың Мюнхенде Роттах-Эгерн елді мекеніндегі зәулім үйлеріне тінту жүргізіп, бірнеше қымбат көлігін тәркілеген.
Яғни олардың қатарында бес қымбат көлік, олардың ішінде 140 мың еуро тұратын Mercedes Maybach S500 көлігі, 180 мың еуро тұратын Mercedes Brabus жүк көлігі және бағалы заттар бар. Арнайы комиссия сот шешіміне сүйеніп әрекет еткенін хабарлаған.
Былтыр да Германияда Османовтың жылжымайтын мүліктеріне тексеру жүргізілген. Сол кезде тергеушілер Бавария, Баден-Вюртемберг, Шлезвиг-Гольштейн және Гамбургтегі жалпы 24 нысанға тінту жүргізді. Арнайы операцияға 250 адам қатысқан. Ол кезде Османов санкция режимін бұзды деген күдікке ілінген.