- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Голливуд актерлерінің басы бір қазанға сыймады ма? Биыл "Оскар" сыйлығы табысталмайды
Голливуд актерлерінің басы бір қазанға сыймады ма? Биыл "Оскар" сыйлығы табысталмайды
Алмас Абылай
Фото EADaily
Қараша айында табысталуы тиіс "Оскар" сыйлығы келесі жылға ауыстырылды. Себебі актерлер мен сценаристердің шу шығаруы, деп хабарлайды Uaqyt.info.
АҚШ кинематографиялық өнер және ғылым академиясының 14-ші "Оскар" сыйлығын табыстау салтанатты кеші 2024 жылға қалдырды. Оған Голливуд актерлері мен сценаристерінің әлі күнге дейін басылмаған ереуілдері себеп болды.
EADaily-дің жазуынша кино саласындағы ең беделді сыйлықты табыстау осы жылдың 18 қарашасына жоспарланған болатын. Бірақ WGA және SAG-AFTRA кино қайраткерлері кәсіподақтарының ереуілі аясында рәсім 2024 жылдың 9 қаңтарына ауыстырылды.
Қазіргі уақытта 160-қа жуық адам жалақыларын көтеруін талап етіп отыр.