Sunday, 8 September,2024

Grand Slam турнирінде Ғұсман Қырғызбаев күміс жүлдегер атанды

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam турнирінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Татамиде атой салған қазақстан балуан финалға дейін қарсыластарын қоғадай жапырғанымен, ақтық сында жол болмады. Ол финалда испаниялық Давид Гарсиа Торнеменге есе жіберді.

Айта кетейік, әлем көз тіккен бұл байрақты бәсекеде ел мақтаныштары Елдос Сметов пен Абиба Абужақынованың жарақатына байланысты жарыстан қалыс қалғанын жазған болатынбыз.

Ұсынылатын