Thursday, 19 September,2024

Грекияда орман өрті өршіп тұр: Родос аралынан мыңдаған турист эвакуацияланды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Грекияның Родос аралында демалып жатқан 19 мыңға жуық турист қауіпсіз жерге көшерілді. Қазір өңірде алапат өртке байланысты қауіптің «қызыл коды» жарияланған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Родос аралындағы орман өрті 19 шілдеде басталған. Әзірге қызыл жалынның бетін қайтару мүмкін болмай тұр. Соның салдарынан демалуға келген мыңдаған турист қауіпсіз жерге көшірілді. Аралдағы алапат өртті сөндіруге 266 өрт сөндіруші, жаяу отрядтардың 16 тобы мен 55 автомобиль және 2 ұшақ пен 2 тікұшақ жұмылдырылған.

Ұсынылатын