Saturday, 23 November,2024

Грузия халқы ашулы: Ресейлік туристер мінген лайнер Батуми жағалауына жақындаған сәтте наразылық шеруі басталды

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Грузияның Батуми қаласында халық көшеге шықты. Олар ресейлік туристердің жағалауға шығуына қарсы, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Грузиядағы халық наразылығын Настоящее время жазды. Бейнежазбада жүздеген жұрттың қолдарына плакаттарын ұстап, ашық қарсылық көрсетіп жатқанын байқайсыз. Олар ресейлік туристердің бейбіт елге кіруіне қарсы. Тіпті агрессор елдің халқы Грузия мәдениетін мазаққа айналдырады деп дабыл қағуда.

Грузиядағы БАҚ беттерінде ондаған адамның ұсталғаны хабарлануда. Олардың қатарында Украина азаматтары да бар.

Сонымен қатар, бірнеше елдің жағалауын кесіп өтетін ASTORIA GRANDE лайнері келесі саяхатынан Грузияның Батуми қаласын алып тастағаны да айтылуда. Яғни халықтың жаппай наразылығынан кейін туристер тасымалына жауапты кеме бағытын өзгерткен.

Ал грузиялықтар наразылығы тоқтаған жоқ. Олар қамауға алынғандарды босатсын деген талаппен қала көшелеріне тағы жиналуда.

Ұсынылатын