Saturday, 23 November,2024

Грузияда басқарушы партия президентті тақтан құлатпақшы

Алмас Абылай
Фото ТАСС/Саломе Зурабишвили

Грузияның басқарушы партиясы президентке қарсы импичмент рәсімін бастады. Себеп Саломе Зурабишвилидің Еуропалық Одаққа келісілмеген сапары, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Іz.ru агенттігінің жазуынша, "Грузин арманы" (Грузинская мечта) партиясы президентке қарсы қол жинай бастаған.

"Партияның Саяси кеңесінің отырысында біз Грузия Президентіне қарсы импичмент рәсімін бастау туралы шешім қабылдадық", - деп мәлімдеді саяси күш басшысы Ираклий Кобахидзе.

Оның айтуынша, импичмент Зурабишвилидің заң бұзуына жауап берудің жалғыз, әрі тиімді құқықтық механизмі.

Алайда, қауіп-қатерге қарамастан, Президентті қызметінен босату әлі де мүмкін емес. Импичмент Парламенттің үштен екісінің қолдауын қажет ететіндіктен, оны жүзеге асыру үшін радикалды оппозицияның дауыстары қажет.

Ұсынылатын