Грузияда қазақстандық журналисті өлтіріп кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлеген қайтыс болды, - деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайғылы хабарды марқұмның құрбысы Назира Дәрімбет жария етті. Оның айтуынша, қазақстандық журналист Грузияда өлтірілген.
"Жанботаның сыныптастары оның Грузияда, Телави қаласында 21 мамырда өлтірілгенін хабарлады! Бұл қорқынышты түс! Бұл қалай болғанына сенбеймін? Ол сонда қалай болды?", - деп жазды Нәзира Дәрімбет.
Айта кетейік, бұған дейін Грузияда жүрген марқұмның бір бойы байланысқа шығпағаны айтылған еді. Сыртқы істер министрлігі әзірге бұл ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.