Saturday, 23 November,2024

Грузияның атақты курортын лай көшкіні басып қалды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Грузиядағы танымал курорттардың бірі саналатын Шови демалыс аймағын лай көшкіні басып қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Грузияда 3 тамызда болған табиғи апаттың салдарынан Шови курорты жойылды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Тбилиси мэрі Каха Каладзе мәлімдеді. Оның айтуынша көшкін курортты толық басып қалып, инфроқұрылымдар жойылған. Қазіргі уақытта апат болған аймақта тазарту жұмыстары күндіз-түні жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, көшкіннің салдарынан 18 адам қаза тапқан болатын. Тағы із-түссіз кеткен 20 адам іздестіріліп жатыр. Шови курортында болған қайғылы жағдайға байланысты 7 тамыз елде қаралы күн болып жарияланды.

Ұсынылатын