Friday, 17 May,2024

Гүл тонаумен аты шыққан экс-полицей телефон ұрламақ болды

Uaqyt.info
Фото

Шымкентте гүл сатушыдан күштеп гүл алып кетумен аты шыққан экс-полицей тағы бір бұзақы қылығымен көзге түсті. Ол бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алмақ болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Атышулы полицейдің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Онда кафеде сыралатып отырған ер адамды көруге болады.

Естеріңізде болса, кадрдағы азамат былтыр флористке күш қолданып, бір шоқ гүлді тегін алып кеткен болатын.

Ол бұл жолы бейтаныс әйелдің ұялы телефонын тартып алған. алайда сол жерде отырған ер азаматтардың араласуымен телефон иесіне қайтарылды.

“Аталған дерек бойынша полицияға ешқандай арыз-шағым түспеді. Оқиғаның мән-жайын білу үшін қазіргі кезде видеодағы азаматтардың кім екенін анықтап жатырмыз”, – деп мәлімдеді полиция басқармасындағылар.

Айта кетейік, 1989 жылы туған ер азамат Қаратау АПБ жұмыс істеген.

Ұсынылатын