Saturday, 23 November,2024

Гүлмира Сатыбалданың ісі сотқа кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жіберді. Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға адамдарды бопсалады, кәсіпкерлерге қысым көрсетті деген бірнеше айып тағылған.

"Қазіргі уақытта процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады. Алматы қаласы тергеу сотының санкциясы бойынша, Гүлмира Сатыбалдыға қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұсынылатын