Tuesday, 26 November,2024

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Астанада Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот шешімі шықты. Енді ол 7 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 7 жылға сотталды.

"Кінәлі деп танып және қылмыстар жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді судья.

Айта кетейік, бұған дейін прокурор соттан күдіктіге 8 жыл жаза беруін сұраған еді. Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды, рейдерлік әрекет жасады деп күдікке ілінген болатын.

Ұсынылатын