- Басты жаңалықтар
- Әлем
- "Ядролық қаруды қолдану керек". Ресейлік тележүргізуші Соловьев шұғыл мәлімдеме жасады
"Ядролық қаруды қолдану керек". Ресейлік тележүргізуші Соловьев шұғыл мәлімдеме жасады
Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан
Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьев тікелей эфирде шұғыл мәлімдеме жасады. Ол билікке Украина әскері орналасқан тұстарды ядролық қарумен бомбалауды ұсынды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Тікелей эфирде ашуға ерік берген тележүргізуші тактикалық ядролық қаруды қолданатын кез келгенін мәлімдеді. Әрі Украина әскерінің қарсы шабуылын күтпей, орналасқан жерлерінде ақ жарып жіберуді ұсынып отыр.
"Олар біздің елімізді жоюды мақсат етіп отыр. Неліктен біз қарсы шабуылды күтеміз? Тактикалық ядролық қаруды қолдану керек. Не кедергі болуда? Егер бұл қаруды қолдана алмайтын болсақ, онда неліктен жасап шығарамыз", - дейді ол.
Еске салайық, Uaqyt.info бұған дейін Ресей Президенті Путиннің Кремльде ұятқа қалғанын жазған еді.