Friday, 22 November,2024

Йеменде 9 доллар үшін 78 адам мерт болды

Uaqyt.info
Фото

Йемен астанасы Санада Рамазан айына орай көмек ретінде берілген ақшаны алуға келген 78 адам аяқтың астында тапталып, көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

«Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Санада Рамазан айына орай халыққа көмек ретінде 9 доллардан таратылды. Ақшаны алуға келгендер мектепте шу көтеріп, бір-бірін итере бастаған.

Тәртіпсіздікті тоқтату үшін полиции аспанға оқ атқанда, электр сымы зақымданып, жарылыс болады. Осы кезде тұрғындар бір-бірін таптап кетеді. Соның салдарынан 78 адам көз жұмды.

Ұсынылатын