Monday, 25 November,2024

Ильин, Сүлейменова, Ұранхаев пен Ахметов: Бас Прокуратура барлық лауазымды тұлға жауапқа тартылатынын мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке байланысты өз ісіне салғырт қараған барлық лауазымды тұлға жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сөзінше әзірге лауазымды тұлғалар ісіне баға берілмеген. Басты мақсат өртті сөндіру дейді. Содан кейін нақты кінәлілер жауапқа тартылмақ.

"Тергеу бас прокуратураға тапсырылды. Қазір басты мақсат өртті сөндіру. Содан кейін әркім өз ісіне жауап беретін болады. Міндетіне салғырт қараған, соның нәтижесінде әрекеті қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалардың барлығы да анықталады. Жауапқа тартылады",- деді Жандос Өмірәлиев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өртке байланысты 292 бап (Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсынылатын