Saturday, 18 May,2024

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстан гольф федерациясының президенті Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетіп, оның орнына кәсіпкер Берік Қаниев келді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

2022 жылдың мамырында гольф федерациясының президенті болып сайланған Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті. Оның орнына белгілі меценат Берік Қаниев жайғасты.

Федерация өкілдерінің айтуынша, Қазақстан гольф федерациясы президенті лауазымында Берік Қаниев Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті. Бұл ретте осы олимпиадалық спорт түріне көбірек жастарды тарту үшін балалар мен жасөспірімдер гольфін дамытуды жоспарлап отыр.

Ұсынылатын