Sunday, 24 November,2024

Интернет іздеген мұғалімдер: Түркістан облысындағы "масқара" шешіле ме?

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Желіде Түркістан облысындағы бір ауылдың мұғалімдері қалай жұмыс істеп жүргені тарап кетті. Тіпті олардың қолдарына ноутбуктерін алып, интернет іздеген сәті қызу талқыға түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Сурет Түркістан облысы Аққұм ауылындағы жағдайдың көрінісі. Десе де цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Түркістан облысының Аққұм ауылына шексіз трафикке ие 20 Мбит/с жылдамдықтағы интернетті жүргізуге уәде беріп отыр.

Министрлік бұл жұмысқа әлеуметтік желіде тез тараған даулы суреттен кейін жең түре кіріскен.  Суретте ноутбукке шұқшиған мұғалімдердің жолдың бойына жүрелеп отырғанын көруге болады. Осылайша олар өз жұмыстарын атқару үшін интернетті "ұстауға тырысуда", деп жазады Otyrar.kz.

"Министрлік "Қолжетімді Интернет" байланыс саласындағы ұлттық жобаны әзірледі. Осы жоба шеңберінде 3 мыңнан астам ауылдық елдімекен талшықты-оптикалық байланыс желілері бойынша жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар қарастырылған. Олардың қатарына Аққұм ауылы да кіреді", делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін мұғалімдер Аққұм ауылында не байланыс, не мобильді интернет жоқтығынан "Күнделікті" электронды жолмен толтыру үшін көрші ауылға күнде такси жалдап баратыны тараған еді.  

Ұсынылатын