- Басты жаңалықтар
- Саясат
- «Интернетті ақтарып басымды ауыртпаймын». Депутаттық мандатын алған Ардақ Назаровтың сөзі қызу талқылануда
«Интернетті ақтарып басымды ауыртпаймын». Депутаттық мандатын алған Ардақ Назаровтың сөзі қызу талқылануда
Алмас Абылай
Фото facebook.com
Парламент Мәжілісінің 8-сайланымы депутаты болған Ардақ Назаров жұрт талқысына түсті. Ол «Қаңтар шындығы» мәселесіне байланысты сұраққа жауап беруден бас тартқан, деп хабарлайды Уақыт.кз.
Бейнежазбаны Самал Қабышева Facebook-тегі парақшасында жариялады. Видеода есіктен шыққан Ардақ Назаровты бір топ тілшінің сұрақ астына алғанын байқайсыз. Алғашқы сауал «Қаңтар шындығын ашу» мәселесі жайлы болды. Бірақ су жаңа депутат «амандық болсын» деген жауаппен тайқыды.
Сондай-ақ сайлау нәтижесінің әділ болған-болмағанын білмейтінін айтып, бұл орынға бұйырғанмен келдім деді.
Оның әр сөзін желідегі жұрт қызу талқылауда. Басым бөлігі депутаттық мандат өзгертіп жіберіпті дегенді жазған.