Иранда экс-президент Хасан Роуханиге қарсы іс қозғалды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Иран Дін істері жөніндегі арнайы прокуратурасы елдің экс-президенті Хасан Роуханиге іс қозғады. Яғни қаржы нарықтарындағы айла-шарғы жасауына байланысты бірқатар жайт қаралмақ, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Арменпресс дерегіне сүйенсек, экс-президент сот алдында бірқатар сұраққа жауап беруі тиіс.
"Дін істері жөніндегі арнайы прокуратурада дін қызметкерлері арасында лауазымы мен дәрежесі бар Иранның бұрынғы президенті Роуханиге қарсы бірнеше іс қозғалды, ол тиісті құзыретті сақтайды, бұрынғы президент сотта тиісті орган алдында бірқатар сұраққа жауап беруі керек тиіс", - дейді елдің сот билігі ресми өкілі Масуд Сетайеши.
Сетайешт сондай-ақ бұл іс Роуханидің валюталық айла-шарғысына, сондай-ақ Иранның қор нарығының жұмысына араласуына байланысты қозғалғанын атап өтті.