Saturday, 23 November,2024

Иранда хиджаб кимеген әйелдерге жазаның жаңа түрі пайда болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Иранда хиджаб кимеген әйелдерді жазалаудың жаңа үлгісі пайда болды. Тәртіпке бағынбағандар мәйітханада өлген адамды жуады немесе абақтыға қамалады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Иран билігі әйелдердің киім үлгісіне қатысты арнайы патрульді көшеге шығарды. Олар хиджап кимеген нәзік жандыларды ұстап, жазаға тартады. Мәселен, біріне айыппұл салса, келесілерін полиция ғимаратын тазалауға жегеді. Тіпті мәйітханада өлген адамды жуғызады. Ал егер ислам дресс кодын бірнеше мәрте бұзса, қамалады.

Естеріңізге сала кетейік, Махсы Амини есімді жас келіншектің өлімінен кейін елде үлкен көтеріліс болған еді. Марқұм хиджапты дұрыс кимегені үшін таяқ жеп,  соның салдарын өліп кеткен болатын.

Ұсынылатын