Sunday, 8 September,2024

“Ирина Кайратовна” тобының концерті кезінде бір адам көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концерті кезінде мобилограф көз жұмды. Куәгерлердің сөзінше, жігіт сахнада тұрған кезінде кенет құлаған, - деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқыс жағдай сахнада болған. Мобилограф өз жұмысын атқару кезінде құлап, соның салдарынан көз жұмды. Ал топ мүшелері халықтан кешірім сұрап, концертті мәжбүрлі түрде тоқтатуға шешім қабылдады.

"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз. Бірақ бәрі бекерден бекер емес. Бізге қатты ауыр. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол көз жұмды. Сондықтан қазір сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - дейді топ мүшелерінің бірі.

Ұсынылатын