«Ирина Қайратовна» тобының мобилографы неден көз жұмғаны белгілі болды
Uaqyt.info
Фото
«Ирина Қайратовна» тобының мобилографы Жылқайдар Шахназдың өліміне себеп болған алдын ала диагнозы жарияланды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
«14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі», - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 21 жастағы мобилограф Астанадағы концерт кезінде құлап, көз жұмған болатын. Шахназдың өлімінен кейін топ мүшелері концертті тоқтатуға мәжбүр болды.