“Іс сотқа кетті”. Самат Әбіш неше жылға сотталуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев ҰҚК басшысының экс-орынбасары Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Іс сотқа жіберілді, яғни ол - сотталушы. Бұл іс - құпия, сондықтан құпия түрде тергеліп, сотқа жіберілді. Одан әрі ештеңе айта алмаймын. Мен істің сотта екенін білемін. Ол қайда? Қазақстанда. Тергеу кезінде ол ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған. Қалғанын айта алмаймын", - деді Әсет Шындалиев.
Естеріңізге сала кетейік, Самат Әбіш "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша тергеліп жатыр. Ол 2022 жылдың 17 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.